Қаңтар оқиғасы. 82 адам Алматыда «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген күдікке іліккен

82 адам Алматыда «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген күдікке іліккен


03/05/2022
16:52 34731 0

Қаңтар оқиғасы кезінде 82 адам «Алматыда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген күдікке іліккен.

 

—Қаңтар оқиғасы кезінде ел бойынша 721 адам «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» айыбы бойынша күдікті ретінде танылған. Оның ішінде 281 адам қамауда отыр. Алматы – 82, Шығыс Қазақстан – 35, Жамбыл облысы – 44, Шымкент – 43, Қызылорда облысы – 36, Атырау облысы – 14, Алматы облысы – 5, Ақтөбе облысы – 4 адам күдік деп танылған, — деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасының 1-қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов бүгін өткен брифингте. 

 

Бұдан бөлек, Қилымжанов Семей қаласында бір адам полицияның «Газель» автокөлігін төңкергенін айтып, елді дәл сондай іс-әрекетке баруға шақырған. Тағы бір азамат дауыс ұлғайтқышпен халықты жаппай тәртіпсіздікке шақырған. Ақтөбеде бір адам Wahts App желісі арқылы ғимараттарды шабуылдауға 300 адам жинамақ болған. 

Поделиться

Нет комментариев.

03/05/2022 16:52
34731 0

Уведомление